Қоғам

Әуе билеттері арзандауы мүмкін: "ашық аспан" режиміне өзгеріс енгізілді

Шетелдік әуе компаниялары 5-ші дәрежелі "әуе еркіндігі" бар бірнеше отандық әуежайға шектеусіз ұша алады
Sputnik
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан бәсекелестікті арттыру мақсатында "ашық аспан" режиміне өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, министрлік "ашық аспан" режимін енгізу туралы бұйрықта шетелдік әуе компанияларына 5-ші дәрежелі "әуе еркіндігін" пайдалануға қатысты шектеулерді алып тастады. Енді олар отандық компаниялар ұшпайтын бағыттарда қызмет көрсете алады.
"Осылайша, шетелдік әуе компаниялары Қазақстанның бірқатар әуежайына әуе кемелерінің типтері мен жиілігіне қарамастан, оның ішінде бағыттар бойынша шектеусіз 5-ші дәрежелі "әуе еркіндігімен" ұшуларды орындау мүмкіндігіне ие болды. Қолға алынған бұл шаралар бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік беріп, әуе билеттерінің құнын төмендетуге және ұшу географиясын кеңейтуге ықпал етеді деп көзделіп отыр", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, "ашық аспан" режимі Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей қалаларының әуежайларында қолданылады.
2025 жылға қарай әуе компанияларының 145 жеке ұшағы болады – министр