Тұрмысы төмен отбасылардың құқын бұзғандар 74 млн теңге айыппұл төледі

303 мемлекеттік мекеме және жергілікті атқарушы органдардың облыстық, аудандық бөлімдері тексерілді
Sputnik
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Әлеуметтік инспекторлар халықтың әлеуметтік осал топтарының құқығын қорғау мақсатында 851 тексеріс жүргізді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Оның 417-сі жоспардан тыс жүргізілген. 303 мемлекеттік мекеме және жергілікті атқарушы органдардың облыстық, аудандық бөлімдері тексерілді.
"247 мектеп, колледждер мен балабақшалар, 69 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы тексерілді. Олардың арасында дүкендер, сауда орталықтары, медициналық мекемелер мен балалар үйі және сот, дәмхана, шаштараздар бар. Сонымен қатар музей мен кітапханалар да тексерілді", - дейді ведомство.
Тексеріс барысында қызмет көрсету сапасына қатысты заң бұзылғаны анықталған.
Жалпы еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттері биыл 9 айда 1 268 тексеріс жүргізген. Заң бұзшылықтар бойынша жалпы сомасы 74 млн теңгеден астам сомаға 338 айыппұл салынған.
Тұрмысы төмен отбасылардың коммуналдық шығындарының бір бөлігі өтеледі