Өңірлер

Түркістан облысында әкімдіктің лауазымды тұлғалары ұсталды

Бөлім басшысы нарықтық құны 326 млн теңге болатын құнарлы жер учаскелерін өзінің ізашарының атына заңсыз рәсімдеген
Sputnik
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысының прокуратурасы Төлеби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Шенеуніктер ауданның арнайы жер қорындағы жерлерді заңсыз актілерді рәсімдеу арқылы алаяқтықпен иеленді деген күдікке ілініп отыр.
Прокуратура ақпаратынша, Төлеби ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы қызмет бабын пайдаланып, осы бөлімнің бұрынғы басшысымен алдын-ала сөз байласу арқылы нарықтық құны 326 млн теңгені құрайтын 200 га астам құнарлы жер учаскелерін өзінің ізашарының атына заңсыз рәсімдеген.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір осы қылмысқа басқа да тұлғалардың қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жетісу облысында шенеуніктер киіз үйді 13 млн теңгеге сатып алмақ болған