АЛМАТЫ, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазгидромет 2 желтоқсандағы ауа райын болжады.
Синоптиктердің болжамынша, елдің батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінің ауа-райына Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар өз ықпалын тигізеді.
Оның әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын өтеді, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен ауа-райы жауын-шашынсыз болады деп болжанады. Қазақстан бойынша тұман, жел күшеюі мүмкін.