Израиль Хамасты уақытша бітімді бұзды деп айыптап, Газа секторына оқ жаудырды

Израиль мен Палестина арасындағы уақытша бітім мерзімі Астана уақыты бойынша сағат 11.00-де аяқталды
Sputnik
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Израиль ХАМАС-ты уақытша бітімді бұзды деп айыптап, Газа секторындағы әскери іс-қимылды қайта бастады. Бұл туралы Израиль армиясының (IDF) баспасөз қызметі хабарлады.
"ХАМАС жедел кідірісті бұзып, Израиль территориясына оқ жаудырды. IDF Газа секторындағы ХАМАС террористік ұйымына қарсы әскери қимылдарды қайта бастады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар Израиль мен ХАМАС арасындағы бітім мерзімі Астана уақыты бойынша сағат 11.00-де аяқталды, оны ұзарту туралы ресми түрде жарияланған жоқ. Wall Street Journal уақытша бітім бір күнге ұзартылғаны туралы хабарлаған, алайда бұл ақпарат ресми түрде расталмады.
Бұған дейін тараптар тұтқындармен алмасу үшін гуманитарлық үзіліс туралы келіскен. Бір күн бұрын Израиль 30 палестиналық тұтқынды босатты, ал Газа секторынан алты тұтқын әкелінді.
Қазақстан Палестинаға 38 тонна гуманитарлық көмек жібереді