2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өтеді

Sputnik
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан - Sputnik. 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте айтты.
"Орталық Азиядағы климатты қорғау жөніндегі іс-қимылдарға тың серпін беру мақсатында біз БҰҰ аясында 2026 жылы Қазақстанда Өңірлік климаттық саммит өткізуге шешім қабылдадық. Климат жөніндегі төтенше жағдай – жаһандық дағдарыс. Оған бүкіл әлем болып төтеп беру қажет. Бәріміз Жер шарын сақтауға және баршаға ортақ орнықты даму мақсаттарын қамтамасыз етуге жауаптымыз", - деді президент.
Мемлекет басшысы Қазақстан ұжымдық іс-әрекет пен ынтымақтастықтың арқасында ғана климаттық дағдарыс проблемасын шеше алатынымызға кәміл сенетінін айтты.