АЛМАТЫ, 29 қараша – Sputnik. Қарағандыда криптовалютаны заңсыз сату арқылы 95 млн теңге тапқан қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлады Қаржы мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті.
"2020 жылдың басынан 2023 жылдың ақпанына дейінгі аралықта әмиянға криптовалютадан 205 мың доллар немесе 95 млн теңгеден астам ақша түскен. Күдікті "BINANCE" биржасында сатып алушыларға ұлы арқылы криптовалюта сатқан", - деп жазылған хабарламада.
Олардың ешқайсында заңды тұлға ретінде айырбастау операцияларын жүзеге асыруға лицензия болмаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.