АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Өрт болған хостелде негізінен жастар – студенттер мен жалдамалы жұмысшылар тұрған. Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев мәлім етті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, олардың арасында медицина университетінде білім алып жатқан Үндістан мен Пәкістан азаматтары бар.
Қонақтар басқа хостелдерге орналастырылды.
Еске сала кетейік, Алматыда таңертең жатақхана ретінде жабдықталған жертөледен өрт шығып, 13 адам көз жұмды, тағы үшеуі ауруханаға жатқызылды.