Хостельдегі өрт: үкімет басшысы кінәлілер жауапқа тартылатынын айтты

Sputnik
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Алматы қаласында орын алған қайғылы жағдайға байланысты қаза тапқан азаматтардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

"Алматыда адамдардың өліміне әкеп соққан қайғылы жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан Республикасының үкіметі орын алған оқиғаның себептерін анықтау үшін барлық шараларды қабылдайды, кінәлілер жауапқа тартылатын болады", - деді премьер-министр.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, барлық зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсетіледі.
"Марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулерін тілеймін", - деді үкімет басшысы.