АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаменті хостелдегі өрттен қаза тапқандардың кім екенін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Полицияның мәліметінше, қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдік (Ресей Федерациясының 2 азаматы және Өзбекстанның 2 азаматы), тағы 9-ы - Қазақстан Республикасының азаматы.
Сот-медициналық сараптамасы жасалды.
Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қаза тапқандардың екеуі шетелдік, қалған 11-і қазақстандық екенін хабарлаған болатын.