Хостелдегі өрт: марқұмдардың отбасына 1 млн теңгеден беріледі

Марқұм болған шетелдіктердің денесін елдеріне жеткізуге көмек беріледі
Sputnik
АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Алматыда хостелде қайтыс болған қазақстандықтардың туыстарына 1 млн теңгеден көмек көрсетіледі.
Бұл туралы Алматы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев айтты.
Марқұмдардың отбасына әкімдік 1 млн теңге көмек көрсетеді. Ал жақынынан айрылған шетелдіктиерге диломатиялық жолмен қаралы хабар берілген.

"Қаржылай көмек көрсетілетіні туралы бұйрыққа қол қойылды. Ал марқұм болған шетелдіктердің денесін елдеріне жеткізуге көмек беріледі", - деді Айдар Жәкібаев.

Алматыда жалпы саны 200-ден астам хостел бар. Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы Бақытжан Наурызбаевтың айтуынша, хостелдерге қатысты тұрғындардан арыз-шағым түсіп тұрады.
"Бізге көбінесе тұрғын үйлерді хостел жасап алатындар туралы арыздар түседі. Хостел ашатындардың бірнеше заңды құжаты болуы керек, егер ондай болмаса, тексеру жүргіземіз. Қазіргі күні осындай заңсыз 5-7 нысан бойынша материал сотта жатыр", - деді Бақытжан Наурызбаев.