АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында мұнай жөнелтілімдері қалпына келтірілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Новороссийск порты капитанының дауылға және қолайсыз ауа райына байланысты ескертуінен кейін теңіз терминалында танкерлерге мұнай тиеу тоқтатылған. Бүгін, 30 қарашада терминалда танкерлерге мұнай тиеу қайта басталды.
КҚК хабарлағандай, қалқымалы шлангілер мен қашықтан байлау құрылғылары (SMO) тексерілді. Нәтижесінде бір қалқымалы шлангінің дауыл жағдайларынан туындаған зақымдануы анықталды. Мұнайдың төгілуіне байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аталған бөлікте мұнай жіберу тоқтатылды. Мұнай төгілуі орын алмаған, ешқандай төтенше жағдай және Қара теңіз халқына, өсімдіктері мен фаунасына қауіп болған жоқ.
"Күзгі-қысқы, көктемгі мезгілдердегі ауа райы жағдайына байланысты мұнай тиеуді тоқтатулар жүйелі түрде жүзеге асырылады және жоспарлы іс-шара болып табылады. Қазіргі уақытта теңіз терминалында мұнай жіберу әдеттегідей СПМ-1 және СПМ-2 арқылы жүзеге асырылуда", – делінген хабарламада.