ПАВЛОДАР, 30 қараша – Sputnik. "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС Екібастұз ЖЭО-да жаз бойы жүргізілген жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Екібастұз ЖЭО-да №5-9 және 11-15 қазандық агрегаттарының газ құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кейбір учаскелер толығымен дерлік бөлшектеліп қайта орнатылды. Тазарту жұмыстары жүргізілді, бұл олардың өткізгіштігін, газ алмасуын жақсартады, демек, қазандық агрегаттарының өнімділігін арттыру мүмкіндігін береді.
№3 түтін құбырын күрделі жөндеу, оның ішінде тазарту жұмыстары, зақымдалған учаскелерді сылауды қоса алғанда, ішкі қаптамасын жөндеу жұмыстары аяқталды.
Қышқылға төзімді өңдеу, шойын басын жөндеу, сыртқы бетон қабатын қалпына келтіру, сырлау және арнайы жарықтандыруды орнату жұмыстары жүргізілді.
№ 2 түтін құбыры да жөндеуден өтті.
"Екі құбыр да іске қосылды",- деп хабарлады "Екібастұзжылуэнерго"