АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының отырысында интеграциялық процестердің Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің экономикасына әсерін бағалау әдістемесі бекітілді.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай әдіснаманы құруды ұсынған болатын. Бастама 2025 стратегиясына енгізілді. Әдістеме комиссияда әзірленген ЕАЭО-ның "шығындар-шығару" еларалық кестелер жүйесінің құралдарына негізделген.
Әдістеме қабылданған интеграциялық шаралар есебінен қалыптастырылатын осы көрсеткіштердің интеграциялық құрамдас бөлігін ескере отырып, тауарлардың, қызметтердің өзара саудасынан және еңбек көші-қонынан одақтың әрбір елінің ЖІӨ-не салымдарды сандық бағалауға мүмкіндік береді.
Комиссия РҒА халық-шаруашылық болжау институтымен бірлесіп, 2016, 2020, 2021 және 2022 жылдардағы интеграция әсерлерін есептеді.
"Интеграциялық процестердің ЕАЭО мемлекеттеріндегі экономикалық белсенділіктің өсуіне әсері айтарлықтай және 2016 және 2022 жылдарға арналған есептеулер негізінде оның өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. ЖІӨ-нің өсуіне интеграцияның ең үлкен үлесі - Беларуссияда, айтарлықтай көрсеткіштер - Қырғызстан мен Арменияда байқалады. Қазақстан мен Ресейде салыстырмалы түрде төмен, бірақ аз емес. ЕАЭО бойынша орта есеппен 2022 жылы интеграция үлесі ЖІӨ-нің 1,43%-не бағаланады", - деп атап өтті ЕЭК интеграция және макроэкономика министрі Сергей Глазьев.