Алматыда хостелдегі өрттен 13 адам қаза тапты

Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген
Sputnik
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Алматыда таңертең жатақхана ретінде жабдықталған жертөледен өрт шығып, 13 адам көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша оларға иіс тиген, деп хабарлады Алматы ТЖД.
Төтенше жағдай кезінде Шәріпов көшесіндегі хостелде 72 адам болған. Өрт орнына 7 жедел медициналық қызмет бригадасы жұмылдырылды.
Алматының Төтенше жағдайлар департаменті өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Астанада үйде шыққан өрттен үш адам көз жұмды