ALA hostel жалға алған нысан үшін өзі жауапты –Халық банкі

Бұл нысан 1,5 ай бұрын ашылған
Sputnik
АЛМАТЫ, 29 қараша - Sputnik. Өртенген хостел орналасқан ғимараттың иесі – "Стресстік активтерді басқару компаниясы" ЖШС, деп хабарлайды халық банкі.
Стресстік активтерді басқарумен айналысатын компания – "Қазақстан Халық банкі"-нің еншілес ұйымы. Банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, компаниядан "ALA Hostel" ЖШС ғимаратты биыл қыркүйектен бастап жалға алған.
"Жалдау шартының талаптарына сәйкес "ALA Hostel" ЖШС бизнесті өз бетінше жүргізуге, өрт қауіпсіздігіне, барлық санитарлық нормаларды сақтауға және ғимаратты пайдалануға толық жауапты", - делінген банк хабарламасында.
Банк "Куса халық" қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтады және мемлекеттік және құқық қорғау органдарына қажетті көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Еске сала кетейік, 30 қараша күні таңертең Алматыда Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт болып, салдарынан 13 адам қайтыс болды. Қаза тапқандардың төртеуі – шетелдік (Ресейдің екі азаматы және Өзбекстанның екі азаматы), қалған 9-ы – Қазақстан азаматтары. Төтенше жағдай кезінде хостелде 72 адам болған. Олардың арасында Пәкістан, Өзбекстан және басқа елдердің азаматтары бар, деп хабарлады қала ТЖД.