1 желтоқсанда ауа райы қандай болады

Sputnik
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Қазгидромет 1 желтоқсандағы ауа райын болжады. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігіне циклон ықпалында болады.
Соған байланысты атмосфералық фронттармен жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде жауады.
Еліміздің солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі. Тек еліміздің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады.
Қазақстан бойынша тұман болып, жел күшейеді, көктайғақ, еліміздің солтүстігінде бұрқасын күтіледі.