Түркістан облысының әкімі түріктің танымал аспазымен қандай келісімге келгенін айтты

Әкімнің айтуынша, Бурак өз франшизасын беруге келісті
Sputnik
АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түріктің танымал аспазшысы Бурак Оздемирмен қандай келісімге келгенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер Түркістанға келіп кеткен Бурак Оздемир туралы сұрады. Облыс әкімінің айтуынша, түріктің танымал аспазшысы Ташкентте жүрген. Сол кезде оны Түркістанға шақырып алды.
"Біз оны бері қарай шақырдық. Ол келісімін беріп, Түркістанды көріп, таңғалып кетті. Оның айтуынша, Түркістанға келіп кеткеннен кейін мыңдаған адам "Түркістан ол қай мемлекет?", "Қай елде орналасқан?", "Не деген жер? Қандай қасиеті бар?" деп сұрап жатыр. Оған миллиондаған адам жазылған ғой. Барлығы Бурак арқылы Түркістанды да, кесенемізді де көріп отыр", - деді Сатыбалды.
Әкімнің айтуынша, Бурак өз франшизасын беруге келісті.
"Бірақ ол мейрамхананы өзі ашпайды, франшизасын береді. Енді, соның франшизасымен мейрамхана ашатын кәсіпкерлер болса, біз оларды қолдауға дайынбыз. Ол өз франшизасын беруге уәде етті", - деп атап көрсетті Сатыбалды.