АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. North Caspian Operating Company (NCOC) консорциумы сейсенбіде Каспий құбыр консорциумының (КҚК) Новороссийск портында жүк жөнелту тоқтауына байланысты мұнай өндіруді 38%-ға қысқартты, деп хабарлады Қазақстан отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы.
КҚК апта басында Қара теңіздегі қолайсыз ауа райына байланысты мұнай тиеуді тоқтатқанын, резервуарлардың толуына байланысты жүк жөнелтушілерден мұнай төмендетілген режимде қабылданып жатқанын хабарлады.
"Каспий құбыр консорциумының ауа райының нашарлауына байланысты Новороссийск портында мұнай жөнелтуді тоқтатуына байланысты тағы бір ірі қазақстандық компания мұнай өндіруді шектеді. Осылайша кеше NCOC компаниясы мұнай өндіруді 38%-ға, яғни 54 мыңнан 33 мың тоннаға дейін қысқартты", - делінген хабарламада.
Энергетика министрлігі ірі кен орындарында тәуліктік мұнай өндіру 56 пайызға, яғни 76 мың тоннаға дейін төмендегенін хабарлады.
Еске сала кетейік, 26 қарашада ТШОкомпаниясыөндірісті 50%-ға, ал 28 қарашада тағы 10%-ға қысқартты, деп түсіндірді орталық.