АСТАНА, 29 қараша – Sputnik. Ресейден Қазақстанның шығыс және солтүстік өңірлеріне газ құбыры желісін тарту жобасын жүзеге асыруға бірнеше жыл керек, деді Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев.
Ол энерегетика министрлігі "Газпроммен" екі ел арасындағы газ кооперациясын кеңейту туралы жол картасына қол қойғанын атап өтті.
"Бізде Новосібір мен шекаралас Павлодар облысы, одан төмен Шығыс Қазақстан облысы газификацияланған. Қазір Ресейден Қазақстанға газ желісін тартудың үлкен жобасы қарастырылып жатыр, - деді ол.
Оның айтуынша, жобаның аяқталу уақыты жол картасынада белгіленген.
"Оған биыл қол қойылды. Сондықтан жобаны жүзеге асыруға бірнеше жыл қажет деп ойлаймын. Бұл жобаның Ресей үшін де, Қазақстан үшін де, мүмкін Қытай үшін де пайдасы мол", - деді ол.