АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Қызылша ауруына шалдыққан 30 бала жансақтау бөліміне түскен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде республика бойынша қызылша ауруына шалдыққан 2 375 бала ауруханада емделіп жатыр. Төсек-орындар 60 процентке толған. Резервте тағы 1093 орын бар.
“Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 30 бала реанимация бөлімшелерінде ауыр жағдайда жатыр, оның ішінде 1 жасқа дейін – 15 бала бар. Өлім-жітім жоқ”,- деді Ғиният үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ресми мәліметке сәйкес, төрт өңірде - Жамбыл облысы (92%), Алматы қаласы (88,2%), Түркістан облысы (81,7%) мен Шымкент қаласында (79,2%) ауруханадағы бос төсек-орындар аз.