Президент Того Республикасының басшысын қарсы алды

Sputnik
АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. "Ақорда" резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбені салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.