АСТАНА, 28 қараша - Sputnik. Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түскен қаржының көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде республика бойынша 3 мың 200 шақырым жолда ақылы жүйе енгізілген.
“11 айдың қорытындысы бойынша 26 млрд 500 млн теңге қаражат түсті. Келесі жылы қосымша 1 мың 200 шақырымға ақылы жүйе енгізуді жоспарлап отырмыз”, - деді Қарабаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда жыл сайын жолдарды күтіп ұстауға 60 млрд теңге көлемінде қаржы қажет.
“Осы орайда республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында, ақылы жолдардың көлемін кезең кезеңімен енгізудеміз. Жалпы, 2029 жылға дейін реконструкциялау жұмыстарының аяқталуына қарай, мұндай жолдардың көлемі 11 мың шақырымға жеткізілетін болады”, - деп атап көрсетті Қарабаев.