Израиль мен ХАМАС-тың адам алмасу келісімі аясында тағы 33 палестиналық еліне оралды

Sputnik
АСТАНА, 28 қараша — Sputnik. Израиль 33 адамнан тұратын палестиналық тұтқындардың төртінші тобын босатты, деп хабарлайды Al-Jazeera арнасы.
Босатылғандар арасында үш әйел мен 30 жасөспірім бар.
Телеарнаның хабарлауынша, ХАМАС бригадасының "Аль-Кассам" тобы Қызыл ай ұйымына бітімгершіліктен кейінгі алғашқы израильдік тұтқындарды бере бастады.
"ЦАХАЛ арнайы күштері мен жалпы қауіпсіздік күштері қазіргі уақытта 11 босатылған тұтқынды Израиль аумағына жеткізеді. Олар алғашқы медициналық тексеруден өткеннен кейін өз отбасыларымен қауышады", - делінген әскердің хабарламасында.