Ақтауда түнгі клубта төбелескен полицейлер жұмыстан босатылды

Sputnik
АСТАНА, 28 қараша – Sputnik. Ақтауда түнгі клубтардың бірінде төбелескен полицияның екі қызметкері жұмыстан босатылды, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
і"Әлеуметтік желіде екі қызметкер Ақтау қаласының түнгі клубтарының бірінде төбелес бастағаны және жанжал кезінде пышақ пайдаланғаны туралы ақпарат тарады. Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Тәртіптік комиссияның шешімімен екі қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан босатылды", – делінген хабарламада.
Департаменттің мәліметінше, төбелесте пышақ қолданылғаны туралы ақпарат расталмады.