Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресейлік танкистер Кременная маңындағы Украинаның бекініс пунктін жойды

Модернизацияланған Т-90М "Прорыв" танкі Орал көліктік машина жасау конструкторлық бюросында әзірленді
Sputnik
АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Башқұртстаннан келген еріктілерден жасақталған ресейлік Т-90М "Прорыв" танктерінің экипаждары арнайы әскери операция аймағында қарсы тараптың бекінісіне соққы берді, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Хабарламада Кеңес Одағының батыры, танкист Сергей Зорин атындағы Башқұрт ерікті танк батальонының Орталық әскери округінің әскери қызметшілері Украина қарулы күштері орналасқан аумақты және Серебрянск орман шаруашылығындағы оқ-дәрі қоймасын қиратқаны баяндалған.
"Жабық атыс позицияларынан әрекет еткен Т-90М "Прорыв" танктерінің экипаждары украин әскерилері орналасқан барлау аймағына бірнеше рет оқ жаудырды", - деп хабарлады әскери ведомстводағылар.
Нысаналардың координаттарын танкистерге нақты уақыт режимінде Башқұртстан Республикасының тұрғындарынан жасақталған "Айгир" барлау тобының әскери қызметкерлері майдан шебінен жеткізді, деді ведомстводағылар.
Қорғаныс министрлігі хабарлағанадй, ресейлік негізгі Т-90М "Прорыв" жауынгерлік танкі кеңестік Т-90 танкінің модернизациясы болып табылады.