АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. "Қазақмыс" компаниясы 27 қарашада Жамбыл облысындағы "Жайсан" кенішінде жазатайым оқиғаны болғанын хабарлады.
Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі жұмысшы көз жұмған.
"Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде Ғ. Омаров атындағы шахта проходкалау трестінің 1981 және 2002 жылғы үңгуші қызметкерлері жарақат алды. Алған жарақаттан олар көз жұмды", - делінген хабарламада.
Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
""Қазақмыс" компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - деп хабарлады компаниядағылар.
Еске салсақ, "Қазақмыс" компаниясы 22 қараша күні №2 Жезқазған байыту фабрикасында 1980 жылғы машинист әйел конвейерге қысылып қалған. Ол алған жарақаттан көз жұмды.