Қара теңіздегі дауылдың салдарынан мұнай қабылдау тоқтатылды

Новороссийск аймағында жылдамдығы секундына 22-24 метр жел мен биіктігі-6-8 метрге жететін толқын болып жатыр
Sputnik
АСТАНА, 27 қараша - Sputnik. Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы мұнайды ауыстырып тиеуді тоқтатты, деп хабарлады Каспий құбыр консорциумы.
Қараша бойы болған теңіз дауылы мұнай Новороссийск теңіз портында мұнайды ауыстырып тиеуге бірнеше рет кедергі келтірген.
"КҚК теңіз терминалында мұнайды жөнелту өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтай отырып, жағалау сызығынан 5 шақырым қашықтықтағы айлақ құрылғылары арқылы жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.
Компания қолайсыз ауа-райы кезінде мұнайды жөнелтудің дәстүрлі операциялық қызметін тоқтатуға мәжбүр болады.
Қазіргі уақытта Новороссийск ауданында консорциумда өте қолайсыз метеожағдай, секундына 22-24 м/с жылдамдықпен жел соғып, биіктігі 6-8 метр толқын соғып жатыр.
"Новороссийск теңіз портының капитаны дауылды ескерту жариялады, оған сәйкес КҚК теңіз терминалында мұнай тиеу тоқтатылды, танкерлер күту аймақтарына жіберілді", - делінген хабарламада.
Компанияның резервуарлық парктері іс жүзінде толы, деп қосты компания.
Осыған байланысты жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау төмендетілген режимдерде жүргізіледі, деп атап өтті консорциумда.
"КҚК Қара теңіздегі консорциумның теңіз терминалының жабдықтарын пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ авариялық жағдайды тудырмау үшін сақтық шаралар күшейтеді", - делінген хабарламада.
Сол себепті КҚК-да мұнайды ауыстырып тиеу тоқтатылғанын атап өтті, бұндай шешім болашақта да осындай жағдайлар туындаған кезде болады.
Ауыстырып тиеуді қайта бастау туралы қосымша хабарланатын болады, деп қосты компания