Оралда әйел адамның басына кірпіш құлап көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 27 қараша — Sputnik. Оралда әйел адамға биіктен кірпіш құлап кетті. Ол оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды mgorod.kz.
Қайғылы оқиға 26 қарашада сағат 14:35-те Назарбаев даңғылы бойында болған.
Полицейлердің мәліметінше, Назарбаев даңғылы бойындағы №236 үйдің жанынан бір әйел өтіп бара жатып, басына кірпіш құлаған. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.
Қайғылы оқиғаның себептерін тергеу тобы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері анықтап жатыр.