АСТАНА, 27 қараша – Sputnik. Келесі жылдан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгіні жабыстыру міндеті енгізіледі, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.
Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 24 қарашадағы бұйрығына сәйкес, "Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары. Қолдану қағидалары" ұлттық стандартына толықтырулар енгізілді. Осы өзгерістер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Газға қайта жабдықтау үнемі барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып жүргізілмейді. Өкінішке қарай, кейде мұндай көлік біздің азаматтар үшін қауіпті болуы мүмкін. Осыған байланысты газға қайта жабдықталған көліктердің жабық тұрақтарға кіруіне тыйым салынады. Дәл осындай автомобильдерді сәйкестендіру және мұндай тыйымдарды әкімшілендіру үшін арнайы белгі енгізілді", - дейді техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.
Ұлттық стандарт міндетті норма болып саналады. Себебі ішкі істер министрінің бұйрығымен бекітілген жол қозғалысы қағидаларында сілтеме түрінде көрсетілген.
Арнайы белгінің үлгісі де бекітілген. Ол қара түсті жиегі бар және "GAS" леп белгісі жазбасы бар сары түсті теңбүйірлі үшбұрыш болып келеді.
Газдың белгісі жабық паркингтерге кірген кезде көліктерді оңай ажырытуға және тиімді бақылауға көмектеседі.