Ақтау портына Taraz және Liwa екі жаңа мұнай құю танкері алынды

Taraz және Liwa мұнай құю танкерлері өнімді экспорт үшін пайдаланылады
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 қараша - Sputnik. Ақтау портында Taraz және Liwa жаңа мұнай құю танкерлерін порттық тіркеу рәсімі болады деп жоспарланған. Бұл туралы "Қазмұнайгазда" хабарлады.
Танкерлер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандық көмірсутек экспортының бағыттарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында сатып алынған.
Танкерлер "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ және Abu Dhabi Ports Group ынтымақтастық желісі бойынша сатып алынды.
Дедвейті 8 000 тонна жаңа танкерлердің иесі – Caspian Integrated Maritime Solutions Ltd бірлескен кәсіпорны. Оның акционерлері - ҚМГ еншілес кәсіпорны болып табылатын "Қазақтеңізкөлікфлоты" ЖШС және ADP еншліес кәсіпорны - International Maritime Investments Ltd.
Танкерлердің бірі Тараз қаласының құрметіне аталған, екіншісіне БАӘ-дегі Liwa оазисінің атауы берілген.