Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті

"Жаңа Адамдар" қоғамдық қозғалысының белсенділері ұйымдастырған акцияға 300-ге жуық адам қатысты
Sputnik
АЛМАТЫ, 26 қараша - Sputnik. Алматыда "Жаңа Адамдар" қоғамдық қозғалысының белсенділері ұйымдастырған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Акцияны өткізу қала билігімен келісілген. Іс-шара кезінде қандай да бір тәртіп бұзушылық болмады.
Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті
Жексенбі күні түстен кейін үш жүзге жуық адам миттингке шықты. Мақсат - отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы наразылық білдіру. Акцияға қатысқандар Алматыдағы "Сары Арқа" кинотеатрының артындағы саябаққа жиналды. Шараны "Жаңа Адамдар" қоғамдық қозғалысының өкілдері ұйымдастырды.
Миттингке себеп 9 қарашадағы жантүршігерлік оқиға Салтанат Нүкенованың өлімі болды. Қатыгез күйеуінің қолынан ажал құшқан Салтанаттың тағдыры қоғамда резонанс тудырды.
Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті
Осыған орай "Жаңа Адамдар" қоғамдық бірлестігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өткізетіні туралы мәлімдеді. Алматы билігі іс-шараны мақұлдаған.
Түске қарай алаңға 300-ге жуық адам, негізінен жастар жиналды. Қолдарына әртүрлі жазуы бар плакаттар ұстаған акцияға қатысушылар арасында Салтанат Нүкенованың туған ағасы да бар.
Акцияға қатысушылар арасында Салтанат Нүкенованың туған ағасы да бар.
"Салтанат - менің туған әпкем. Соңғы екі аптада біздің өміріміз түбегейлі өзгерді. Мен көп азап пен қорқынышты көрдім, қазір қиналып жүрген көптеген қыздың әңгімесін тыңдадым. Бұл сұмдықты ешқашан ұмытпаймын", - деді ол.
Акцияға қатысушылар Салтанат Нүкенованың суреттері мен зорлық-зомбылықты айыптайтын плакаттар ұстап шықты. Олар тіпті қолдарындағы плакаттарға отбасында қорлық-зомбылыққа тап болған құрбандардың аты-жөндерін жазып алған.
Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті
Митинг ұзын-ырғасы бір сағаттай болды. Шарада тәртіп бұзушылық немесе полиция тарапынан әлімжеттік болған жоқ.
Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы митинг өтті