Алматыдан шыққан ұшақ Орал әуежайына қона алмады

Қалаға қалың тұман түскен, 200 метр қашықтық әрең көрінеді
Sputnik
АЛМАТЫ, 25 қараша – Sputnik. Алматыдан шыққан ұшақ Орал әуежайына қона алмады, деп хабарлады "Уральская неделя" порталы.
"Орал" халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Раскалиев ұшақтың қатты тұманға байланысты қона алмағанын айтты.
"Қалың тұман, 200 метр қашықтық әрең көрінеді. Ұшақ әуежайға қона алмай, Атырауға жіберілді. Тек 18.00-де Оралға ұшып келді. Әуежай тұрақты түрде жұмыс істеп тұр, еш ақау жоқ. Әуе кемелерін қазіргі уақытта қабылдап жатыр", - дейді Хайретдин Раскалиев.
Ал Air Astana әуекомпаниясы ауа райының нашарлауына байланысты Астанадан Оралға рейстер кешіктіріліп жатқанын хабарлады.
Айта кетері, бір апта бойы облыс тұрғындарына қатты тұман басатыны туралы хабарлама келіп жатыр.
Өңірлер
Алматыға шыққан ұшақ екі сағаттан соң Атырауға қайта оралды