Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырғандар ұсталды

Олар Оңтүстік Азия елдерінің 20 азаматын өткізу пункттерінен тыс жерлерден заңсыз өткізген
Sputnik
АЛМАТЫ, 23 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған үш адам ұсталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Қордай ауданының аумағында соңғы жарты жылда Оңтүстік Азия елдері – Пәкістан, Непал, Шри-Ланка азаматтары шекарадан заңсыз жиі өтетін болған.
"Биыл 19 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігі "Адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз көші-қон ұйымдастыру" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Заңсыз көші-қон ұйымдастырған үш адам ұсталды", - деп жазылған ведомствохабарламасында.
Олар Оңтүстік Азия елдерінің 20 азаматын Қырғыз Республикасынан мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінен тыс жерлерден заңсыз өткізген. Күдіктілер Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары. Қазіргі күні қамауға алынды.
Қытаймен визасыз режим қашан жұмыс істей бастайды