XIV қысқы қайырымдылық балы: дебютанттармен танысу

Қайырымдылық Балынан үш ай бұрын жүздеген жастар кастингтен өтті
Sputnik
АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Биыл кастингке 300-ге жуық қатысушы келді. Дебютанттар қатаң іріктеуден өтеді.
Хореографиялық іріктеу сынағы мен ұйымдастырушылармен сұхбаттан өткен 30 үміткер дебютант болды. Үш ай бойы олар Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультеті деканының орынбасары Евгений Моисеевтің жетекшілігімен балға қызықты би нөмірлерін дайындаумен айналысты.
"Осы шараның арқасында біз тең құқықтар мен мүмкіндіктердің инклюзивті, ашық қоғамын құрамыз. Балдардан түскен қаражатқа біздің қор бүкіл әлемде қабылданған озық әлемдік тәжірибелерді, ғылыми дәлелденген тиімді әдістемелерді енгізеді, ерекше балалары бар отбасылардың өмір сүру сапасын, инклюзивті білім беру саласында мамандар даярлау сапасын және инклюзивті білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады", - дейді "Болашақ" қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан.
Кастинг дебютантов XIV Зимнего благотворительного бала. фото предоставлено фондом "Болашак"
Дебютанттар арасында журналистер, педагогтар, медбикелер, мемлекеттік қызметкерлер және шығармашылық тұлғалар бар.
Жалғас Уаис Астана ЖЭО-2-де инженер болып жұмыс істейді, сондай-ақ бос уақытында өз қолымен шоколад жасайды.
"Бұрын қатысқан таныстардан, әріптестерден естіген едім. Сондықтан жобаға қатысу әрқашан қызықты болды. Мен балдың қайырымдылық екенін білгенімде тіпті шабыттанып кеттім", - дейді дебютант.
Іс-шараның барлық жылдарында кастингтерге 6 мыңнан астам адам және 148 жұп дебютант қатысты.
Динара Гаплан
2012 жылдан бастап жыл сайын "Болашақ" корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру және дарынды жастарды қолдау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аударуға арналған қайырымдылық балын өткізеді.
Қазақстан үшін бірегей Бал бизнес өкілдерін, дипломатиялық корпус пен қоғам қайраткерлерін біріктіретін дәстүрге айналды.
Оның 11 жылдық тарихында қонақтар вальстен латиноға дейінгі дебютант билерін билеп, гала-кешкі асқа және құнды лот аукциондарға қатысып, ерекше көңіл күйге бөленеді.
Кастинг дебютантов XIV Зимнего благотворительного бала. фото предоставлено фондом "Болашак"
"Болашақ" қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан XIV қысқы қайырымдылық балынан тсүкен қаражат "әрбір бала мектепке лайық" және "жол жүру гранттары" қайырымдылық бағдарламаларына бағытталатынын атап өтті.
Қайырымдылық бал 2023 жылдың 8 желтоқсанында Астанада, Hilton Astana қонақ үйінде өтеді.
Айта кетейік, 11 жыл ішінде қор 150-ден астам демеушілер мен серіктестерді тартып, 880 миллион теңгеден астам қаражат жинады.
Түскен қаражатқа:
85 мамандандырылған оңалту мекемесі ашылды және жарақтандырылды, оның ішінде Қазақстан бойынша 56 инклюзивті кабинет бар. Аутизммен және басқа да даму ерекшеліктерімен ауыратын 800 ден астам бала мектепке баруға мүмкіндік алды;
3000-нан астам маман оқытылды;
500-ден астам жұмыс орны құрылды;
аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 120-дан астам білім беру және жол жүру гранттары берілді.
Қайырымдылық қаражатын пайдаланудың ашықтығын сақтау мақсатында жыл сайын сайтта www.bolashakcharity.kz қаржылық есептер жарияланады.
"Болашақ" қоры инклюзивті білім беруді дамыту жолында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне 80-нен астам ұсынымдар мен түзетулер енгізді.