Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Волгоград облысының губернаторы Украина қарулы күштерінің шабуылы туралы айтты

Андрей Бочаровтың айтуынша әскери және азаматтық нысандарға зақым келмеген
Sputnik
АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Ресейдің Волгоград облысына украиналық ұшқышсыз ұшатын аппараттар шабуыл жасады, деп хабарлады РИА Новости облыс губернаторы Андрей Бочаровтың сөзіне сілтеме жасап.
Ресей Қорғаныс министрлігі жұма күні әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Қырымда 13 және Волгоград облысында үш ұшқышсыз ұшатын аппаратты атып түсіргенін және шабуылдың алдын алғанын хабарлады.
"Бүгін, 24 қарашада Волгоград облысының аумағында Ресей Қорғаныс министрлігінің күштері үш ұшқышсыз ұшатын аппаратты атып түсіріп, залалсыздандырды. Зардап шеккендер жоқ, азаматтық және әскери нысандарға зақым келмеді", - деп атап өтті Бочаров.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазір сайлау өткізетін уақыт емес – Зеленский