АСТАНА, 24 қараша — Sputnik. Бағдарлама таза үкіметтік болады және бұл жолы республикалық бюджет қаражаты тартылады, деді Тимур Сүлейменов жұма күні өткен брифингте.
"9-20-25" бойынша Ұлттық банктің немесе қордың ресурстары тартылмайды. Бұл таза үкіметтік бағдарлама, ақша мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Біз оны қаржыландырмаймыз және әкімшілдендірмейміз", - деді Сүлейменов.
Бір күн бұрын сенатта министрлер кабинетінің басшысы Әлихан Смайылов Қазақстанда бір ай ішінде 9-20-25 жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленетінін хабарлады. Бағдарламаға жылына 150 млрд теңге бөлініп, несиені 8 мың адам ресімдей алады деп жоспарланған.
Бұл бағдарлама 2024 жылы жастар үшін іске қосылады делінген. Шарттары: ставка-9%, бастапқы жарна - 20%, мерзімі-25 жыл.
Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова "9-20-25" бағдарламасының ставкасы алдыңғы "7-20-25" бағдарламасынан жоғары екенін түсіндірді, өйткені ақша "нарықтан" тартылады.
Бұған дейін премьер-министр Отбасы банкінің мәртебесі туралы айтқан болатын. Ол жаңа функциялары бар екінші деңгейлі банк болған және солай қала береді, деп түсіндірді Смайылов.
Қазақстанда Отбасы банкін ұлттық даму институтына айналдыру және оған тұрғын үй саласының функцияларын беру ұсынылды. Тиісті заң жобасын әзірлеп, Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрлігі парламентке жолдады. Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Бүгінгі таңда банкте 2,7 миллион қазақстандық өзінің болашақ тұрғын үйіне ақша жинап жатыр.