ҰҚШҰ дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты – Бас хатшы Тасмағамбетов

Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің саммиті өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. ҰҚШҰ дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты, деді ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.
Оның айтуынша, ұйым жұмысын жақсартуға бағытталған 15-ке жуық құжатқа қол қойылды, оның негізгілерінің бірі – Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы.
Тасмағамбетов ҰҚШҰ "халықаралық архитектураның үздіксіз бүлінуі" жағдайында жұмыс істеп жатыр" деді.
"Осыған сүйене отырып, біз бірінші кезекте ұжымдық қауіпсіздік жүйесі құрамаларының басқару органдарын мақсатты пайдалануға дайын болу үшін жабдықталуы мен дайындығын жетілдіруге назар аудардық", - деді Тасмағамбетов.
ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әлеуеті үлкен сұранысқа ие болады, деді Бас хатшы.
Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің саммиті өтіп жатыр. Отырысқа Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы қатысты Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Келесі жылы ұйымға төрағалық ету міндеті Беларусьтен Қазақстанға өтеді.