АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысу үшін Минск қаласына барды.
23 қарашада ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді және оған Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысады. Армения премьер-министрі Никол Пашинян саммитке қатыспайды.