АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайлов, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін сенатта өткен брифингте журналистер Батыс Қазақстан тұрғындарын алаңдатқан мәселе туралы сұрады.
“Ақжайық өңірінде халық қытайларға жер беруге қарсылық білдіріп, жаппай үндеу жолдап жатыр. Өткен аптада Астанаға келген облыс әкімі Нариман Төреғалиев қытайлықтармен келісім жүріп жатқанын және ақбөкендердің етін өңдейтін зауыт салынатынын айтты. Халық қорықпасын, жұмыс беріледі деді. Алайда халық қарсы, жергілікті тұрғындар қарсы болып тұрғанда бұл шешім қабылдана ма?”,- деді журналистер.
Премьер-министр Әлихан Смайылов шетелдіктерге ешқандай жер берілмейтінін ерекше атап өтті. Бұл - заң талабы.
“Қазақстанның Жер кодексінде шетелдіктерге, шетелдік компанияларға немесе шетелдіктердің қатысуымен қазақстандық компанияларға ауыл шаруашылық жерлерін меншікке де, жай пайдалануға беруге де тыйым салынған. Ондай құқық тек қазақстандықтарда бар. Сондықтан шетелдіктерге жер беру сияқты ешқандай мәселе қаралып жатқан жоқ, қаралмайды да. Бұл - біздің ұстанымымыз ”, - деп атап көрсетті Смайлов.
Осы орайда үкімет басшысы президенттің де жер мәселесіне қатысты өз пікірін айтқанын да еске салды. Ал Батыс Қазақстандағы әңгімілер келіссөздер кезінде көтерілген, бірақ нақты қолға алынған жоқ.
“Ол ақпарат дұрыс емес. Кейбір инвесторлар өз ұсыныстарын ғана айтқан, ол тек әңгіме, ары қарай ешқандай келісімдер жасалған жоқ, жасалмайды да”,- деді Смайылов.