Сенаторлар үш жылдық бюджет жобасын мәжіліске қайтарды

Үш жылдық бюджетте шығындардың басым бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі екені көрсетілген
Sputnik
АСТАНА, 23 қараша - Sputnik. Парламенттің жоғары палатасы үш жылдық бюджеттің жобасын мәжіліске қайтарды. Сенаторлар бірқатар бағыттар бойынша бюджеттен бөлінетін қаржының көлемімен келіспеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үш жылдық бюджетте шығыстардың басым бөлігі әлеуметтік салаға тиесілі. Негізгі бағыттар:
әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек - 18 356,0 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 5 426 млрд теңге;
“Жайлы мектеп” ұлттық жобасында жаңадан іске қосылатын 369 мектепті салуға және ұстауға 1 367 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылы – 647 млрд теңге;
Қазақстанның жоғары оқу орындарында және шетелде кадрлар даярлауға 1 459 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылы – 463 млрд теңге;
ғылымды дамытуға 748 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 217 млрд теңге;
азаматтарға медициналық көмек көрсету – 6 727 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 2 168 млрд теңге;
спортты дамытуға 305 млрд. теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 119 млрд теңге;
мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 196 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 63 млрд теңге.
Ал экономиканың нақты секторын қолдауға арналған шығыстардың көлемі 5 815 млрд теңгені құрап отыр. 2024 жылға 2 897 млрд теңге қарастырылған. Басым бағыттар:
өңдеу өнеркәсібін дамытуға 2024 жылға –120,0 млрд теңге;
кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға 720 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылы – 267 млрд теңге;
жылу энергетикасын дамытуға 59 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 58,1 млрд теңге;
өнеркәсіп салаларын дамытуға және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүргізуге 16 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 8,7 млрд теңге;
ауыл халқының табысын арттыру бойынша жобаның ауқымын кеңейтуге 200 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 100 млрд теңге;
агроөнеркәсіптік кешен инвестициялық жобаларына және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 620 млрд теңге сомасында кредит беру, оның ішінде 2024 жылға – 240 млрд. теңге;
көлік саласын дамытуға 1 477 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылы 695 млрд теңге;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға 709 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылы 454 млрд теңге;
газ тасымалдау жүйесін дамытуға 119,2 млрд теңге сомасында, оның ішінде 2024 жылға – 87,3 млрд теңге.
Күштік құрылымдардың шығындары 7 414,0 млрд теңге сомасында жоспарланған, оның ішінде 2024 жылға – 2 579 млрд теңге.
Сенаторлар заңды талқылау барысында мәжіліс қабылдаған заңға жүздеген толықтыру мен өзгеріс енгізді. Олар:
“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасын іске асыруға жалпы сомасы 18,1 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 13,6 млрд теңге;
сумен жабдықтауға және су бұруға жалпы сомасы 19,8 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 14 млрд еңге, бұл қалаларда сумен жабдықтау қызметтеріне халықтың қолжетімділігін 99,5%-ға дейін, ауылдарда 97,8%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді;
газ тасымалдау жүйесін дамытуға жалпы сомасы 5,1 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 3,3 млрд теңге сомасында, бұл газдандыру деңгейін 61%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді;
жылу, электр энергетикасын дамытуға жалпы сомасы 3 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 1,7 млрд. теңге;
инженерлік инфрақұрылымды дамытуға жалпы сомасы 7 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 2 млрд теңге;
көлік инфрақұрылымын дамытуға жалпы сомасы 13,3 млрд теңге, оның ішінде 2024 жылға – 8,5 млрд теңге.
Сенаторлар “Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 – 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы” заңды мақұлдады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мөлшері:
2024 жылға – 2 000 млрд теңге;
2025 жылға – 2 000 млрд теңге;
2026 жылға – 2 000 млрд теңге;
Ұлттық қорына мұнай секторынан түсетін қаржы бойынша мұнайға кесімді баға да бекітілді.
2024 жылға – бір баррель үшін 43,4 АҚШ доллары;
2025 жылға – бір баррель үшін 40,2 АҚШ доллары;
2026 жылға – бір баррель үшін 41,8 АҚШ доллары;
Айта кетері, мәжіліс сенаторлар енгізген өзгерістерді қабылдағаннан кейін үш жылдық бюджет туралы заң бірден президенттің қол қоюына жіберіледі.