Лукашенко: ҰҚШҰ ұйым мүшелері мен Еуразияның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді

Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің саммиті өтіп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. ҰҚШҰ оның мүшелерінің және бүкіл Еуразия аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ажырамас элементі болып қала береді, деді Беларусь президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ-ның шағын құрамдағы саммитінде.
"Геосаяси жағдайдың дамуы тұрғысынан бұл жылдам жыл болды... Біздің ұйым өз мүшелерінің және жалпы Еуразиялық аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ажырамас элементі болып қала береді", - деді Лукашенко.
Ол Минскіде өтіп жатқан ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының күн тәртібіне халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері енгізілгенін айтты.
"Ұйымның жауапкершілік аймағында, жалпы әлемде де, аймақта да қазіргі заманғы әскери-саяси жағдайдың дамуының негізгі қарқынына талдау жасау қажет. Мемлекеттеріміздің қауіпсіздігін нығайтудың жаңа шешімдерін табу қажет", - деді ол.
Лукашенко бүгінгі кездесу Беларусьтің ҰҚШҰ-ға төрағалық еткен жылы сияқты нәтижелі болатынына сенім білдірді.