Лукашенко: Путин ҰҚШҰ бойынша әріптестерін ТМД және ЕАЭО аясындағы кездесулерге шақырды

Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің саммиті өтті
Sputnik
АСТАНА, 23 қараша – Sputnik. Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей мемлекетінің басшысы Владимир Путиннің ҰҚШҰ-дағы әріптестерін Санкт-Петербургте өтетін ТМД және ЕАЭО аясындағы кездесулерге шақырғанын айтты.
"Владимир Владимирович бізді дәстүрлі түрде ЕАЭО және ТМД-ның қорытынды отырысына шақырғанын айтсам ренжімейтін шығар. Әрине, ол жерде ҰҚШҰ-ның барлық мүшесі болады және біз бүгін Минскіде бастаған диалогты жалғастырамыз", - деді ол бейсенбі күні Минскіде өткен ҰҚШҰ кеңейтілген отырысында.
Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің саммиті аяқталды. Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ ҰҚШҰ Бас хатшысы қатысты Иманғали Тасмағамбетов қатысты.
Келесі жылы ұйымға төрағалық ету міндеті Беларусьтен Қазақстанға өтеді.
ҰҚШҰ елдерінің қауіпсіздігіне қатер төніп жатыр деп айта берудің қажеті жоқ – Тоқаев