Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді

Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалаған
Sputnik
АЛМАТЫ, 22 қараша – Sputnik. Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолы кесілді, деп хабарлайды ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
21 қарашада Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында көлік министрлігі көліктік бақылау инспекциясының бірнеше қызметкері ұсталды.
"Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалағаны үшін күдікке ілінді", - дейді ведомтво.
Қылмыстық кодекстің 366-бабы "Пара алу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.