Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев облысында әуе шабуылына қарсы қорғану жүйесі іске қосылды

Украинаның алты облысында, сондай-ақ Херсон және Запорожье облыстарының Киевтің бақылауындағы бөлігінде әуе шабуылына қарсы дабыл қағылған
Sputnik
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Украинаның Киев облысында әуе шабуылына қарсы қорғану жүйесі іске қосылды, деп хабарлады РИА Новости өңірдің әскери әкімшілігінің Telegram каналына сілтеме жасап.
"Өңірде әуе шабуылына қарсы қорғану жүйесі жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.
Украина Цифрлық трансформация министрлігінің онлайн картасы мәліметіне сәйкес, Киев, Чернигов, Полтава, Кировоград, Днепропетровск, Николаев облыстарында, сондай-ақ Херсон және Запорожье облыстарының Киевтің бақылауындағы бөлігінде әуе шабуылына қарсы дабыл қағылған.
Ресей Қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі жарылыстан кейін екі күн өткен соң бастады.
Ресей билігінің мәліметінше, жарылыстың артында Украина арнайы қызметі тұр. Елдің барлық аумағында энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы жасалып жатыр.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Қазір сайлау өткізетін уақыт емес – Зеленский