АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. "Ахмат" арнайы жасақ госпиталінде жұмыс істейтін "Камертон" жасағының медициналық тобының дәрігерлері ("Вагнер" тобының бұрынғы жауынгерлері) жүрекке күрделі ота жасап, арнайы операция аймағында жаралы жауынгерді аман алып қалды. Бұл туралы РИА Новостиге "Кадуцей" лақапаты бар жетекші хирург маман айтты.
"Жақында терең жарықшақ жарасына байланысты ота жасалды. Ота соғып тұрған жүрекке жасалды", - деді хирург.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта науқас майдан шебіндегі госпитальден эвакуацияланып, тылда әрі қарай емделіп жатыр. Кадуцейдің айтуынша, алдыңғы шептегі госпитальдағы медициналық топ жұмысының негізгі міндеті жарақат алған сарбаздардың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды жеңілдету.
"Біз барлық орган мен тіндерге хирургиялық ем-шаралар жасаймыз. "Вагнермен" келісімшарт бойынша жұмыс істеген бір жылда бізге бейіндік маман емес, барлық органға ота жасауды үйретті. Қазір "Ахмат" арнайы жасағының арқасында "Вагнерде" болған медициналық топтың барлық құрамы, соның ішінде басшылық та арнайы әскери операция аймағына қайта оралып, жауынгерлерге көмек көрсетуге мүмкіндік алдық", - деді хирург.
"Кадуцей" дәрігерлер алған жарақатының ауырлығына қарамастан, әрбір сарбаздың өмірі үшін күресетінін айтты.