Ақтауда заңсыз салынған ғимараттар бұзылады

Сот заңсыз құрылыстарды бұзу бойынша 28 шешім шығарды
Sputnik
АСТАНА, 22 қараша - Sputnik. Ақтау қаласында заңсыз салынған ғимараттар бұзылады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Ақтау қаласындағы жекелеген құрылыс салушылар рұқсат құжаттамасын алмай құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жалпы, 2022 жылдан бері қадағалау шараларымен 120 нысан бойынша 90 млн теңге сомаға құрылыс салушылар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алайда құрылысшылармен бұзушылықтарды жоймау салдарынан сот заңсыз құрылыстарды бұзу бойынша 28 шешім шығарды.
Оның ішінде соттың санкциясымен 3 нысан, атап айтқанда Приморский елді мекенінде таунхаус және №9 өндірістік аймақтағы коммерциялық және тұрғын үй кешені бұзылды. Барлық нысан бойынша құрылыс жүргізуге рұқсат парақтары мен жобалау-сметалық құжаттама болмаған.
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" заңға сәйкес құрылыс салушылардың тиісті рұқсат құжаттарын ресімдемей азаматтардың ақшалай қаражатын тартуға құқығы жоқ екенін хабарлаймыз. Осыған байланысты рұқсат құжаттарын ресімдемеген құрылыс компанияларына қаражат салуға жол бермеуге шақырамыз", - деді Маңғыстау облысы прокуратурасынан.