3,6 млрд теңге шығын келтірген: Грузияда іздеуде жүрген қазақстандық күдікті ұсталды

Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр
Sputnik
АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. 2020 жылдың наурыз айынан бері іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы Грузия аумағында ұсталды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Бас прокуратураның үйлестіруімен ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан бері іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматын ұстады.
"Оған қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық жасады деген айып тағылған, келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден асады. Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші бар", -делінген прокуратураның хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.