Фото

Перуде 5 мың жылдық мумиялар табылды – фото

Перу археологтары біздің дәуірімізге дейінгі 3500 жылдарға жататын көне жәдігерлерді тапты
Sputnik
1 / 6

Перудегі археологтар мың жылдан астам жасы бар бес мумия тапты. Суретте: Перу, Лимадағы бес мумияның бірі

2 / 6

Археологтардың айтуынша, табылған мәйіт қалдықтары төрт бала мен бір ересек адамға тиесілі. Суретте: Перудің Лима қаласында табылған мумиялар.

3 / 6

Біздің дәуірімізге дейінгі 3500 жылға жататын баспалдақ та табылды. Суретте: Перудің Лима қаласындағы қазба орындары.

4 / 6

Қазба жұмыстары Лима провинциясындағы Римак өзенінің жанындағы Ла-Флорида археологиялық ескерткіш орнында жүргізілді. Суретте: Перудегі Huaca La Florida археологиялық орны.

5 / 6

Мумиялар 2023 жылдың соңына дейін бұл аумақтан әкетіледі деп айтылған. Содан кейін ғалымдар оларды зерттеуді жалғастырады. Суретте: Археологтар Лимадағы (Перу) мумияның қасында тұр.

6 / 6

Негізінен археологтар мумиялармен бірге көмілген бумалардан тапқан матаға талдау жүргізеді. Суретте: Перудің Лима қаласындағы қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан Перу археологтары.