АСТАНА, 20 қараша – Sputnik. ЕЭК шағын комитеті және ҚХР Бас кеден басқармасы отырысында цифрлық кеденді дамыту және "бір терезе" механизмін енгізу, "уәкілетті экономикалық оператор" институтын жетілдіру, сондай-ақ "Еуразиялық агроэкспресс" жобасын іске асыру мәселелері талқыланды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі хабарлады.
ЕЭК Кеден заңнамасы және құқықтық қолдану тәжірибесі департаментінің директоры Сергей Владимировтың айтуынша, Қытаймен кедендік әкімшілендірудің әртүрлі мәселелері, оның ішінде келешегі бар кедендік технологияларды пайдалану бойынша тәжірибе алмасу табысты кедендік ынтымақтастықтың маңызды аспектісі.
"Қытайлық әріптестермен диалогты дамыту одақтың халықаралық қызметін жүзеге асыру аясындағы жұмыстың негізгі бағыты саналады", - деді Владимиров.
Еуразиялық экономикалық комиссия 2018 жылдың 17 мамырындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім одақ пен ҚХР кеден қызметі арасындағы өзара іс-қимылдың құқықтық негізі болатынын еске салды.
Комиссия мүшелерінің айтуынша, құжат кедендік құн, тауарларды жіктеу, тәуекелдерді басқару, тауарларды уақытша әкелу және кедендік аумақта қайта өңдеу, тауарларды шығару, "бір терезе", шекараны үйлесімді басқару және тағы басқа кедендік реттеудің құқықтық институттарына қатысты.
Еуразиялық экономикалық комиссия шағын комитет ЕАЭО мен ҚХР арасындағы кедендік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін одан әрі талқылауға арналған алаңға айналатынына сенім білдірді.